Украинадағы мобилизация: қандай студенттерге шетел асуға болады

434

Украинада Ресейдің агрессиясына байланысты жарияланған әскери жағдай мен жалпы мобилизация жалғасуда. 18 жастан 60 жасқа дейінгі әскери міндеттілер жұмылдыруға жатады. 

Украинадағы мобилизация: қандай студенттерге шетел асуға болады

14 қыркүйектен бастап шетелдік жоғары оқу орындарының студенттері болып табылатын ер адамдарға құжаттардың жаппай бұрмалануына байланысты шетелге шығуға тыйым салынды. Бірақ түрлі жағдайларға байланысты ережеден тыс жайттар мен шекарадан өтуге рұқсат берілмеген жағдайда әрекет алгоритмі қарастырылған, деп жазады Telegraf.

Украинаның мемлекеттік шекара қызметінің хабарламасына сәйкес, тек "жұмылдыру туралы хабарландыру кезінде Украина аумағында болған және оқуын жалғастыру үшін белгіленген тәртіппен Украинадан тыс жерлерге бара алмаған кәсіптік жоғары және жоғары білім алуға үміткерлер, интерн-ассистенттер, аспиранттар мен докторанттар" ғана шекара аса алады.

Legal Strategy АҚ адвокаты Виолетта Монастырская егер адамға шетелге шығуға рұқсат берілмесе, оның себебін түсіндіретін ресми жауапты сұрауға кеңес береді. Содан кейін шекарашыларға қызмет басшысының теріс әрекетіне байланысты шағымдануға болады.

Ол мұндай шағымды қарау мерзімі 30 күнге дейін екенін атап өтті. Әйтпесе сотқа жүгінуге болады. Мұндай талапты қарау мерзімі - 60 күн.

“Бірақ сотта мұндай жағдайларға шағымды қарастыру бірнеше жылға созылуы мүмкін екенін түсіну керек. Егер адам шынымен студент болса (жалған студент емес) және жақын арада шетелге кету керек болса, әдетте жағдай оңайшылықпен шешілмейді", –  деді ол.

Адвокат, ЮК Winner басқарушы серіктесі Игорь Ясько студент өзінің шығу құқығы үшін күресіп жүргенде, оны жоғары оқу орындары басшылығы оқуға келмегендіктен шығарып жіберу қаупі бар екенін айтады. Сондықтан студенттер таңдалған Еуропалық университеттің басшылығымен жағдайды түсіндіре отырып, алдын-ала өзі келісуі тиіс.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу