Украинадағы президент сайлауы: Владимир Зеленский алда

606

Орталық сайлау комиссиясы осы уақытқа дейін бюллетеньдердің 54,43% пайызын тексеріп үлгерді.

Украинадағы президент сайлауы: Владимир Зеленский алда

Украинада президенттік сайлаудың екінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды 24.kz.

Айтуынша, шоумен Владимир Зеленский 73,2 пайыз электораттың дауысын жинаған. Ал дауыс берушілердің 25,3 пайызы Украинаның қазіргі президенті Петр Порошенконы қолдаған.

Рейтер ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Порошенко өз жеңілісін мойындап, қызметінен кетсе де, саясаттан алшақтамайтынын айтты.

Айта кетейік, осы жолы сайлаушылардың 63,53 пайызы өз таңдауын жасаған. Доданың бірінші кезеңінде де әртіс Владимир Зеленский ең көп дауыс жинаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу