Украинадағы соғыстың ел тарихындағы ең ауқымды тұрғын үй дағдарысын туғызып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ұйымның дерегінше, соғыс басталғалы бері 236 мыңнан астам ғимарат қираған немесе бүлінген. 2,5 миллионнан аса тұрғын үй, яғни елдегі тұрғын үй қорының шамамен 10 пайызы зақымданған немесе қолжетімсіз күйге түсті.
Тұрғын үйдің қолжетімсіз болуына бірнеше фактор әсер еткені көрсетілді: муниципалды тұрғын үй қорының аздығы, жалға беру нарығының реттелмеуі және соғыстан жаппай босу. Соғыс кезінде 10,6 миллионға жуық украин азаматы үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Бұл – соғысқа дейінгі халықтың төрттен бірі. Олардың басым бөлігі шетелге көшіп кеткен.
Украинада қалған 3,7 миллион босқынның екіден бірі жаңа баспананың ақысын төлеуде қиындық көріп отыр. Көпшілігі жалдамалы тұрғын үйге тәуелді болып, бар жинағанын тауысқан.
Deutsche Welle мәліметінше, үйінен айырылған азаматтар табысының 50 пайызы немесе одан да көбін жалға төлеуге мәжбүр.