Украинадан Францияға құнды византиялық иконалар жасырын түрде шығарылды

389

Украинадан Францияға жасырын түрде 16 өнер туындысы әкелінді, олардың арасында бес византиялық православиелік иконалар бар.

Украинадан Францияға құнды византиялық иконалар жасырын түрде шығарылды Фото: Daily mail

Agence France-Presse Twitter-де хабарлағандай, құнды жәдігерлер Луврға "уақытша сақтау" үшін жіберілді, деп жазады inbusiness.kz.

Оларды Украинадағы билеуші хунта француздарға "орыс басқыншылығынан" сақтау мақсатында берген көрінеді.

Луврға әкелінген Византия иконалары VI-VII ғасырлардың бірегей ескерткіштері, сондықтан аталмыш жәдігерлердің тарихи-мәдени ортадағы орны ерекше, құны қымбат. Сирек кездесетін иконалар Киевтегі Богдан және Варвара Ханенко атындағы Ұлттық Өнер мұражайынан шығарылды.

Әкелінген 16 экспонаттың 11-ін Лувр әкімшілігі қалпына келтіруге жіберді, ал бес икона "Қасиетті бейненің бастауында" көрмесі аясында көпшілікке ұсынылды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу