3000 тонна астық тиелген "Resilient Africa" жүк кемесі Израильге бет алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Фото:
bloomberg.com
"Бұл өткен аптада Украина Әскери-теңіз флоты азаматтық кемелер үшін белгілеген уақытша дәліз бойынша Черноморск портына кірген екі кеменің біріншісі. Екінші кеме Мысырға украин бидайын тиеп жатқан портта", - деді Украинаның инфрақұрылымды дамыту министрі Александр Кубраков.