Украиналық босқындар Беларуське ағылып жатыр

432

Өткен жылы Беларуське 84 000 украиналық келді.  

Украиналық босқындар Беларуське ағылып жатыр Фото: slovoidilo.ua

Бұл туралы республика Мемлекеттік шекара комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"2022 жылдың 24 ақпанынан бастап беларусь тарапы Украина аумағынан келген шетелдіктерді қабылдай бастады. Украинаның өтініш білдірген азаматтары уақытша тұруға арналған орындармен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, Беларусь Қызыл Крест қоғамы ТЖМ-мен бірлесе отырып, Гдень, Подбрянка және Новая Гута шекара өткелі ауылдарының жанында жылжымалы жылыту пункттерін ашты. Сонымен қатар, жылжымалы дәріханалар іске қосылды, тәулік бойы құтқарушылар, медицина қызметкерлері мен еріктілер кезекшілік етеді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, МШК "Украина азаматтарынан басқа, Беларусь өз аумағына көмекке мұқтаж басқа шетелдіктерді қабылдап жатқанын" және олардың Украина аумағынан өтуі "қалыптасқан жағдайларды ескере отырып, арнайы құжаттарсыз жүзеге асырылғанын" еске салды.

"Қазіргі уақытта Украина азаматтары Беларуське ағылып жатыр, қажет болған жағдайда оларға жан-жақты көмек көрсетіледі. 24 ақпанда сағат 6:00-дегі жағдай бойынша Беларуське 84 020 Украина азаматы келді: Украина - Беларусь шекарасы арқылы - 15 890, Польша арқылы транзитпен - 53 407, Литва арқылы - 11 936, Латвия арқылы - 2 787", - деп хабарлады Беларусь ведомствосы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу