Украиналық босқындардың саны 5 миллионнан асты

837

Польшада босқындарды қабылдау үшін арнайы орталықтар ашылған.

Украиналық босқындардың саны 5 миллионнан асты

Қақтығыс басталғаннан бері елден бас сауғалап қашқан украиналық босқындардың саны 5 миллионнан асты, деп хабарлайды inbusiness.kz БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссарының басқармасына сілтеме жасап. 

Олардың жартысынан көбі Польшаға қоныс аударған. Осы күнге дейін бұл елге 2,8 миллионнан астам украиналық пана іздеп қашқан. 

"Босқындардың саны күн санап артуда. Адамдар туыстарын, үйлерін, мүліктерін тастап кетуге мәжбүр болуда", – деді БҰҰ өкілі Шабиа Манту. 

Польшада босқындарды қабылдау үшін арнайы орталықтар ашылған. Көбінесе әйелдер мен балалар келеді.

Euronews дерегі бойынша, мұндай орталықтарда жағдай жасалмаған. Бірақ өз елінде үйінен айырылған украиналықтардың одан басқа барар жері жоқ.

Табиғат Нұрболат

Фото: apnews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу