Украинаның бірқатар облысында тағы да әуе дабылы жарияланды

475

22 қазан күні таңертең Украинаның бірқатар аймағында тағы да әуе дабылы жарияланды. Бірінші болып Полтава және Чернигов облыстарынан хабарламалар келді.  

Украинаның бірқатар облысында тағы да әуе дабылы жарияланды Фото: pixabay

Тиісті хабарламалар облыстық әкімшілік басшылары Дмитрий Лунин мен Вячеслав Чаустың Telegram-арналарында жарияланды.

Осыдан кейін Сумы облысында сиреналар естілді. Жергілікті жұртшылық жазғандай, өңірлердің тұрғындарына зымыран соғу қаупі туралы ескертілді.

Осыған ұқсас ақпарат Киевтен де келе бастады. Онда тұрғындарды қауіпсіз жерден шықпауға сұраған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу