Украинаның халықаралық резервтері қысқарды

808

Украинаның халықаралық резервтері 2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша – $26 млрд 944,9 млн. (эквивалент). Бұл сәуірдің басындағысынан 4%-ға ($28,107 млрд) аз, деп жазады inbusiness.kz тілшісі "Интерфаксқа" сілтеме беріп. 

Украинаның халықаралық резервтері қысқарды

Жыл басында Украинаның халықаралық резервтері $30,941 млрд болған. Осылайша төрт айда 13%-ға қысқарды.

Резервтер динамикасына мемлекеттік қарызды басқару операциялары әсер еткен. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген шетел валютасындағы қарызға қызмет көрсету және өтеу төлемдерінің жалпы көлемі – $614 млн. Оның ішінде $420 млн шетел валютасында номинацияланған ішкі мемлекеттік қарыз облигацияларына қызмет көрсетуге және өтеуге, $78 млн – еурооблигацияларды өтеуге бағытталды.

Сонымен қатар қаржы құралдарын қайта бағалау (гривнаның құны мен бағамының өзгеруі) динамикаға әсер етті. Өткен айда олардың құны 150,3 миллион долларға төмендеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу