Украинаның Винница қаласына зымыран атылып, 20 адам қаза тапты

1125

90 адам жарақат алды.

Украинаның Винница қаласына зымыран атылып, 20 адам қаза тапты

Ресей әскері Украинаның Винница қаласының орталығына зымыранмен шабуыл жасады. Салдарынан қаза тапқандардың саны 20-ға жетті, тағы 90 адам жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Қазір соққы жасалған жерде 90 құтқарушы жұмыс істеп жатыр.

Олардың мәліметінше, "Юбилейный" деп аталатын тоғыз қабатты ғимараттың жанындағы тұраққа зымыран түскен. 25 автокөлік өртеніп кетті.

Алдымен қалалық кеңес бір жарылыстың болғаны туралы хабарлаған еді, кейін тағы да бірнешеуін растады. Винница облыстық мемлекеттік әкімшілігінің төрағасы Сергей Борзовтың айтуынша, әуе шабуылына қарсы күштер 4 зымыранды қағып  түсірген.

Униан агенттігінің дерегі бойынша, 3 ресейлік зымыран кеңсе толы ғимаратқа түскен. Шабуыл салдарынан офицерлер үйіне және жақын маңдағы тұрғын үйлерге залал келді.  

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу