Украинаның жаңа президенті айыппұл арқалады

1340

Зеленский айыбын мойындады.

Украинаның жаңа президенті айыппұл арқалады

Фото: РБК-Украина

Украинаның Президенті болып сайланған Владимир Зеленский істі болды, деп хабарлайды Atameken Business.

­Сот оны әкімшілік құқық бұзды деп танып, 32 доллар көлемінде айыппұл төлеттірді. Себебі ол сайлау болған күні өзіне-өзі дауыс бергенін айтып, бюллетенін ақпарат құралдары алдында көрсеткен. Бұл жергілікті заң бойынша сайлауалды насихат, яғни құқық бұзушылық болып табылады.

Зеленский сотқа келмесе де, айыбын мойындайтынын жазып, хат жолдаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу