ҰҚШҰ деген не?

7852

Ұжымдық қауіпсіздік шарты жайлы ұйым, әдетте халық арасында ОДКБ аталып кеткен – тәуелсіз мемлекеттер достастығының әскери-саяси ұйымы. 1992 жылы 15 мамырда Ташкент қаласында Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің қатысуымен құрылды. Кейіннен ҰҚШ ұйымына Әзербайжан, Белоруссия және Грузия қосылды.

ҰҚШҰ деген не?

ҰҚШҰ құрамына мемлекеттер бес жылға енеді. Әрі қарай тағы бес жылға қалуы немесе шарттан шығуы да мүмкін. Қазақстан 1992 жылдан бері бұл ұйымның мүшесі.

Ұйымнан Әзербайжан, Грузия және Өзбекстан шығып кеткен. Әр кезеңде әр түрлі елдер бақылаушы мемлекет ретінде де қатысады. Мысалы, 2013 жылы Ауғанстан, Сербия елдері бақылаушы болған.

Қазір ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан. 

Ұйымға мүше-мемлекеттердің қызметіндегі басым бағыттар: жаңа трансұлттық айбаттар мен қауіптерге қарсы тұру, қақтығыстардың алдын алу, халықаралық лаңкестікпен, агрессивті экстремизммен, қару мен есірткінің заңсыз айналымымен, ұйымдасқан қылмыспен, жаппай қырып-жою қаруын таратумен күрес.

Қазіргі ауыр жағдайда Қазақстан аумағына ҰҚШҰ бітімгершілік контингенті жіберілді. 

Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев ҰҚШҰ солдаттары ұрыс қимылдарына қатыспайтынын, лаңкестерді жоюмен айналыспайтынын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу