"Уланған болуы мүмкін": Қарағанды облысында мал қырылып қалды

468

Желіде оқиға орнынан түсірілген бейнежазба тарап жатыр.

"Уланған болуы мүмкін": Қарағанды облысында мал қырылып қалды Фото: Бейнежазбадан

Қарағанды облысына қарасты Долинка кентінде мал қырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты eKaraganda порталына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген бейнежазба тарап жатыр. Тұрғындардың сөзінше, бұл жағдай 15 шілдеге қараған түні болған. Далада 100-ден аса қой мен қошқардың өлекселері жатқаны көрсетілген.  

Облыстық ветеринария басқармасы осы дерекке қатысты түсініктеме берді.

"Жануарлар бір жерден су ішкен. Алдын ала мәліметке сәйкес, малдың қырылуына улану себеп болуы мүмкін. Қазір зертханалық сараптама жүргізіліп жатыр. Нақты себеп осы сараптамалар нәтижесі бойынша анықталады. Эпизоотиялық жағдай тұрақты, аса қауіпті жұқпалы аурулар тіркелмеген. Мамандар жағдайды бақылауда ұстап отыр және осындай жағдайлардың алдын алу бағытында жұмыстар жалғасады", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу