Ұлдана Мырзуан ісі: Айыпталушының қорғаушысы сотқа келмеді

308

​Сот процесі онлайн көрсетілді.

Ұлдана Мырзуан ісі: Айыпталушының қорғаушысы сотқа келмеді Фото: Жоғары сот

Елордада фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс бойынша кезекті сот отырысы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Хатшы сот отырысына айыпталушының адвокаты Дәурен Есләмбекұлының келмегенін хабарлады. Оның сөзінше, қорғаушы басқа іс бойынша өтетін процесте жүргенін жеткізген.

Судья Меруерт Абаева адвокатқа қатысты жеке қаулы шығарды. Ол қолданыстағы заңға сәйкес, адвокат кәсіби әдеп ережелерін сақтауға міндетті екенін еске салды. Айтуынша, Дәурен Есләмбекұлы дәлелсіз себеппен сот отырысына қатыспауы салдарынан процестің өтуіне кедергі келтірді.

"Осылайша, ол процесс барысын қасақана созып, сотқа және басқа да қатысушыларға құрметсіздік танытты, сондай-ақ кәсіби әдеп нормаларын бұзды", – деді істі жүргізген судья.

Судья адвокат тарапынан орын алған бұл заңбұзушылық туралы мәліметті Астана қаласы заң консультациясының президиумына және Әділет департаментінің жеткізу туралы қаулы шығарды. Жеке қаулының қаралу нәтижелері мен қабылданған шаралар туралы сотқа бір ай ішінде хабарлануы тиіс. Адвокат бұл қаулыға 15 күн ішінде шағым түсіре алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу