Десе де, марқұм фельдшердің анасының адвокаты сот тергеуін қайта бастау үшін өтінішхат жолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, Астана қаласында қайтыс болған Ұлдана Мырзуанның ісі бойынша сот тергеуі қайта басталуы ықтимал.
Адвокаттың сөзінше, бүгінгі күні елорданың мамандандырылған ауданаралық тергеу сотында жәбірленушінің өкілінің құрылыс салушыға және тұрғын үй кешенінің өзге де тұлғаларына қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы қаулыға берген шағымы қаралуда. Соның нәтижесінде ғана қылмыстық құқықбұзушылықтың мән-жайы толық анықталады.
– Айыптау тарапы Сәуле Жұбаниязованы Қылмыстық кодекстің 254-бабы бойынша кінәлі деп танып, оған 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрайды. Сонымен қатар, 3 жыл мерзімге кондоминиум нысандарын басқару қызметімен айналысу құқығынан айыру қажет. Сотталған адам пробациялық бақылауда болуы керек, – деді прокурор.
Жаза кетейік, 2025 жылдың 18 қарашасында фельдшер Ұлдана Мырзуан бақилық болды. Сол күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оның ерлігін жоғары бағалап, марқұмды "Ерлігі үшін" медалімен марапаттау туралы шешім қабылдады.
Кейін Астанадағы медициналық колледждердің біріндегі оқу аудиториясына Ұлдана Мырзуанның есімі берілсе, Жетісай ауданы, Ж.Ералиев ауылдық округіне қарасты Үтіртөбе елді мекенінде арнайы мемориалдық тақта да ашылды.
Сосын фельдшер Ұлдана Мырзуан тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.