Үлескерлерден қаражат жинауға рұқсат алған компаниялардың жаңартылған тізімі жарияланды

567

10 компания екінші деңгейлі банк жобасына қатысу бойынша рұқсат алған.

Үлескерлерден қаражат жинауға рұқсат алған компаниялардың жаңартылған тізімі жарияланды

Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы үлескерлерден ақша жинауға 21 рұқсат берді. Берілген рұқсаттардың жаңартылған дерекқоры сайтта жарияланған, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

11 құрылыс компаниясы көпқабатты үйдің қаңқасы салынғаннан кейін үлескерлерден ақша жинауға рұқсат алды. 10 компания екінші деңгейлі банк жобасына қатысу бойынша рұқсат алған.

Еске сала кетейік, "Тұрғын үй құрылысына ортақ қатысу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес үлестік қатысу келесі тәсілдердің бірімен ұйымдастырылады:
1 Кепілдік беру қорының кепілдігін алу
2 Екінші деңгейлі банк жобасына қатысу
3 Тұрғын үйдің қаңқасын тұрғызғаннан кейін үлескерлерден ақша жинау.

Үлестік құрылыстың әлеуетті қатысушысы (сатып алушысы) үлескерлерден қаражат тартуға арналған рұқсаттардың болуын тексеруге және сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасымен кеңесуге құқылы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу