Үлескерлердің ақшасын қабылдауға құқығы жоқ ұйымдардың тізімі - Астана әкімдігі

419

Астанада құрылыстың бастапқы сатысындағы үлескерлердің ақшасын қабылдауға тиісті рұқсаты жоқ құрылыс ұйымдарының тізімі жасалды.  

Үлескерлердің ақшасын қабылдауға құқығы жоқ ұйымдардың тізімі - Астана әкімдігі Фото: egemen.kz

Бұл туралы inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қолданыстағы заңнаманы айналып өтіп жасалған барлық мәміле (алдын ала брондау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты) көрсетілген көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде жарамсыз болып саналады.

"Сіздің қаражатыңыздың сақталуы үшін Астана қаласының әкімдігі абай болуды ескертеді және рұқсат құжаттары жоқ (құрылысқа рұқсат, "Жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасы" ШЖҚ РМК оң қорытындысы) тұрғын үйлердің пәтерін сатып алуды кеңес етпейді.

Естеріңізге сала кетейік, үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз қабылдауға "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынады, бұл ретте Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 320-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілік қарастырылған.

Барлық сұрақ бойынша Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 9 мекенжайы бойынша "Астана қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" ММ-ге хабарласуыңыз қажет. Байланыс телефондары: 8 (7172) - 55-04-28, 55-67-03", - делінген елорда әкімдігі таратқан хабарламада.

Тізімді мына сілтемеден көруге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу