banner

Үлкен Алматы көліне апаратын жолға күрделі жөндеу жүргізіледі

804

Бұл жобаны екі жылда жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Үлкен Алматы көліне апаратын жолға күрделі жөндеу жүргізіледі

Республикалық маңызы бар Алматы – Космостанция трассасының 8-34 шақырымы аралығы учаскесі ("Алма-Арасан" шипажайына кіреберіс) күрделі жөндеуден өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz "ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде жобалау-сметалық құжаттама дайын, экологиялық сараптама сатысында тұр. Сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін конкурс жарияланып, заңнамаға сәйкес мердігер анықталады. Содан кейін учаскеде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіледі. 

Айта кету керек, жол екі жолақты болып қала бермек. Сонымен қатар жобада 1-ге 10 өтемдік ағаш отырғызу қарастырылған.

Күрделі жөндеу жұмыстары аясында аумақта бақылау алаңдары, автокөліктерге арналған тұрақтар және тас құламасынан қорғайтын торлар салынбақ. 

Естеріңізге сала кетейік, Алматы – Космостанция республикалық маңызы бар жол III санатқа жатады, жабыны  асфальт-бетон. Оның ұзындығы 26 шақырым.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу