Үлкен және Кіші Алматы су алабында қар көшкіні жүруі мүмкін

585

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тауда абай болуға шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Үлкен және Кіші Алматы су алабында қар көшкіні жүруі мүмкін Фото: massaget.kz

"23-25 қараша аралығында жылымықтың әсерінен және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алабында қар көшкіні жүруі мүмкін. Қиын жағдайға ұрынбас үшін тау бөктеріне шығуға тыйым салынады", - деп ескертеді Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Осыған орай, Алматы қалалық ТЖД мен "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесі мынадай ескерту жариялады:

- егер тауда болсаңыз, мұқият болыңыз және ауа райының өзгеруін қадағалаңыз;

- тау бөктерінде қардың жылжуын, қардың түйіршіктерін байқасаңыз, онда тауларға бармағаныңыз жөн – бұл қардың тұрақсыз күйде екенін, көшкін қаупін білдіреді;

- таулы аумақтарда қауіпсіздік шараларын сақтаңыз;

- үйге қайтуды тәуліктің кеш уақытына кешіктірмеңіз, кері бағытты таба алмауыңыз мүмкін;

- рюкзактарда мына қажетті заттар болуы тиіс: жылы киімдер,күтпеген жағдайда дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасы, GPS навигаторларының болуы артық болмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу