banner

Ұлттар лигасының жеребесі тартылды

1073

Ұлттар лигасының алғашқы маусымында Қазақстан құрамасы D дивизионында өнер көрсетіп, өз тобында екінші орын алып қалған еді.

Ұлттар лигасының жеребесі тартылды

Нидерланд астанасы Амстердам қаласында Ұлттар лигасының 2020/21 маусымының жеребесі тартылды, деп хабарлайды prosports.kz.

Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы С дивизионының 4 тобына түсті. Біздің құрама Албания, Беларусь және Литвамен күш сынасады. 

С дивизионының барлық тобы:

1 топ: Черногория, Кипр, Люксембург, Әзірбайжан;
2 топ: Грузия, Северная Македония, Эстония, Армения;
3 топ: Грекия, Косово, Словения, Молдова;
4 топ: Албания, Беларусь, Литва, Қазақстан;

Естеріңізде болса, Ұлттар лигасының алғашқы маусымында Қазақстан құрамасы D дивизионында өнер көрсетіп, өз тобында екінші орын алып қалған еді. Плей-офф жолдамасын Қазақстан, Латвия мен Андорра құрамаларынан үздік нәтиже көрсеткен Грузия құрамасы жеңіп алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу