Ұлттық банк "Қазақ вальсі" ескерткіш монетасын айналысқа шығарды

1410

Ұлттық банк "Қазақ вальсі" ескерткіш монетасын айналысқа шығарды

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2016 жылғы 27 желтоқсанда "proof" сапасымен "Қазақстанның бейнелеу өнері" монеталар сериясынан номиналы 500 теңгелік "Қазақ вальсі" ескерткіш күміс монеталарын айналысқа шығарды. 

Монетаның реверсінде қазақтың әйгілі бишісі, Қазақ КСР Халық әртісі Шара Жиенқұлованың билеп тұрған сәті көрсетілген суретші Гүлфайрус Ысмайылованың "Қазақ вальсі" картинасы (Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер мұражайы) бейнеленген. Түсі тампомөр технологиясы арқылы орындалған.

Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1  грамм, тік бұрышы 35х45 мм, дайындау сапасы – "proof", ең көп таралымы – 3 мың дана.

Номиналы 500 теңгелік ескерткіш монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу