Ұлттық банк "Неміс ертегісі" ескерткіш монеталарын айналымға шығарады

1054

Ұлттық банк "Неміс ертегісі" ескерткіш монеталарын айналымға шығарады

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2017 жылғы 11 қазанда "Қазақстан халқының ертегілері" монеталар сериясынан номиналы 500 теңгелік, "рroоf" сапасымен күміс және номиналы 100 теңгелік нейзильбер қоспасынан "Неміс ертегісі" (Бремен музыканттары) ескерткіш монеталарын айналымға шығарады. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Ертегінің бас кейіпкерлері – есек, ит, мысық және әтеш қалада музыкант болу үшін Бремен қаласына аттанады. Күмістен және нейзильбер қоспасынан жасалған монеталардың бет және сырт жақтарындағы бейнесі бірдей. "Рroof" сапалы күміс монеталардағы бейне жылтыр бетке салынған.

Ескерткіш монеталарды "ҚР Ұлттық банкінің Қазақстан теңге сарайы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған.

Номиналы 500 теңгелік және 100 теңгелік ескерткіш монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, ҚР барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

"Proof" сапасымен жасалған ескерткіш күміс монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Олар кәдесыйлық ораумен шығарылады және ҚР Ұлттық банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.

Нейзильбер қоспасынан жасалған ескерткіш монеталары жақсартылған сапамен дайындалған және сату үшін арнайы полиграфиялық орауға салынған.

Монеталарды ҚР Ұлттық банкінің барлық филиалдарында, банк сайтының "Монеталардың интернет-дүкені" арқылы сатып алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу