Ұлттық банк 1 және 2 теңгелік монеталарды шығармайды

183

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді.  

Ұлттық банк 1 және 2 теңгелік монеталарды шығармайды Фото: goodfon.com

Ұлттық банк 1 және 2 теңгелік ұсақ монеталар шығаруды ресми түрде тоқтатты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, мұндай монеталарды әрі қарай соғу экономикалық тұрғыдан тиімсіз.

"Бізге теңгені соғу тиімсіз. Негізгі жоспарымыз мынадай: айналымда бар монеталар қала береді, бірақ жаңасын соғуды жоспарлап отырған жоқпыз. Бұл шешім 2 теңгелік монеталарға да қатысты", – деді Тимур Сүлейменов Сенат кулуарында.

Бұл мәселені Сүлейменов осыған дейін де көтерген еді. Сәуірдегі жиынның бірінде ол ұсақ монеталардың өндіріс құны олардың номиналынан асып кететінін айтқан. Енді ресми түрде заңды күшіне енді, ұсақ монеталардың соғылуы тоқтатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу