Ұлттық банк АҚШ-тың орталық банкінен доллар жеткізу амалдарын қарастырып жатыр

773

Бас банк айырбастау пункттеріндегі қолма-қол шетел валютасына қатысты жағдай туралы түсінік берді.

Ұлттық банк АҚШ-тың орталық банкінен доллар жеткізу амалдарын қарастырып жатыр

Ұлттық Банк Қазақстан Республикасында шетелдік валютадағы операцияларға шектеу енгізу туралы қаулы немесе басқа да заңға тәуелді актілер қабылдамағанын хабарлады.

Бас банктің түсіндіруінше, қолма-қол шетел валютасын шығару кезінде туындаған қиындықтар, ең алдымен, халық тарапынан сұраныстың өсуіне, сондай-ақ шиеленіске толы геосаяси жағдай аясында Қазақстанға басқа елдерден қолма-қол шетел валютасын жеткізудегі логистикалық кедергілерге байланысты туындап отыр.  

"Қазіргі жағдайды ескере отырып, Ұлттық Банк АҚШ-тың орталық банкі – Федералдық резервтік жүйеден қолма-қол шетел валютасының қосымша көлемін жеткізу амалдарын қарастырып жатыр. Сондай-ақ бізде қолма-қол ақшаны көлік компанияларымен өз уақытында жеткізуді қамтамасыз ету үшін барлық қажетті келісімдер бар екенін хабарлаймыз", – дейді ҰБ-дан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу