Ұлттық банк Әзербайжанның құнды қағаздарын сатуға қатысты түсініктеме берді

758

1 наурыздағы жағдай бойынша БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерінің инвестициялық қоржынынан 1,68 млрд долларға Әзербайжан үкіметінің МҚҚ-сы сатылды. 

Ұлттық банк Әзербайжанның құнды қағаздарын сатуға қатысты түсініктеме берді

Ұлттық банк Әзербайжан Республикасының МҚҚ-сын сатуға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды kursiv.kz.

Сату туралы шешім шоғырлану тәуекелін төмендету мақсатында, сондай-ақ қолайлы нарықтық жағдайдың болуын ескере отырып қабылданған.

1 наурыздағы жағдай бойынша БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерінің инвестициялық қоржынынан 1,68 млрд долларға Әзербайжан үкіметінің МҚҚ-сы сатылды. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының баспасөз қызметі мәлім етті.

"Ұлттық банк шоғырлану тәуекелін төмендету мақсатында, сондай-ақ қолайлы нарықтық жағдайдың болуын ескере отырып Әзербайжан Республикасы Үкіметінің МҚҚ-сының зейнетақы активтері қоржынынан ішінара сату туралы шешім қабылдады", –деп түсіндірді БЖЗҚ.  

ҚҚ номиналдан 87,75%  баға бойынша 1,68 млрд теңгеге сатылған, бұл аталған құнды қағаздарды сатып алу бағасынан асып кетіп отыр.

Еске салар болсақ, аталған құнды қағаздар зейнетақы активтері қоржынында  болған Әзербайжан халықаралық банкі облигацияларын  ерікті қайта құрылымдау барысында Әзербайжан Республикасы Үкіметінің МҚҚ-на айырбастау нәтижесінде алынған болатын. Айырбастау кезінде Әзербайжан халықаралық банкі облигацияларының қазіргі жиынтық құны 71,37 млрд теңге болған, ал Әзербайжан Республикасы Үкіметінің МҚҚ-сын есепке қою кезіндегі құны 75,37 млрд теңгені құрады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу