Ұлттық банк басқаруындағы БЖЗҚ активтерінің түсімі азайды

580

Қыркүйек айында Ұлттық банк басқаруындағы БЖЗҚ активтерінің түсімі 23,9 млрд теңге болды, деп жазады inbusiness.kz "Бірінші кредиттік бюро" деректеріне сілтеме жасап. 

Ұлттық банк басқаруындағы БЖЗҚ активтерінің түсімі азайды Фото: massaget.kz

Қыркүйек айындағы бұл көрсеткіш соңғы төрт айдағы ең төменгі мән. Жыл басынан бері БЖЗҚ түсімдері 741,96 млрд теңгені құрады. Бұл 2020 (1,11 трлн теңге), және 2021 жж (1,12 трлн) 9 айының көрсеткіштерінен айтарлықтай төмен. Инвестициялық түсім жыл басынан бері 5,34%. Бұл инфляция қарқынынан 2 жарым есеге аз.

Сондай-ақ "Бірінші кредиттік бюро", Ұлттық банктің БЖЗҚ активтерін қандай портфельдерге орналастырғаны туралы ақпарат берді.

Қыркүйек айында жалпы сомасы 148,1 млрд теңгеге жылдық мөлшерлемесі 2,89% болатын, АҚШ үкіметінің борыштық қағаздары сатып алынды. Бұл  мамыр айынан бергі алғашқы сатып алу. Сондай-ақ бұдан бұрын 118,1 млрд теңгеге сатып алынған АҚШ мемлекеттік облигациялары өтелді. Шетелдік банктерде депозиттерді ашу да қайта жанданды.

Қыркүйек айында БЖЗҚ активтеріне – 1-2 ай мерзімге жылдық кірістілігі 2,95 пайызбен DBS Bank (164,4 млрд теңге) және Societe Generale (118,1 млрд теңге) банктерінен депозит ашылды.

Осылайша, жыл басынан бері шетелдік банктердегі ашық депозиттер көлемі 1,6 трлн теңгеден асты. Екі банкте бұрын ашылған салымдар өтелді. DBS Bank 206,3 млрд теңге, Credit Agricole – 95,5 млрд теңге төледі. Бұған қоса өткен айда 195,1 млрд теңгеге Қазақстан Үкіметтінің мемлекеттік құнды қағаздары сатып алынды. БЖЗҚ активтерін басқаруда биыл құнды қағаздарды сатып алу әдісі жиі қолданылуда. 9 айда сатып алынған борыштық қағаздардың көлемі 1,63 трлн теңгеден асты. Салыстырсақ, өткен 2 жылда мәмілелердің жиынтық көлемі 1,96 трлн теңгені құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу