Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 10,5 пайыз деңгейінде сақтау жөнінде шешім қабылдады

846

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 10,5 пайыз деңгейінде сақтау жөнінде шешім қабылдады

Қазақстан Ұлттық банкі базалық ставканы 10,5% деңгейінде сақтап қалды. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені +/-1% дәлізбен 10,5% деңгейінде сақтау жөнінде шешім қабылдады. Инфляцияның жылдық деңгейі Ұлттық банктің болжамды бағалауымен келісіледі және мақсатты дәліз аясында қалады, инфляциялық болжам тұрақты деңгейде қалыптасады.

Баспасөз мәліметтерінде инфляциялық тәуекелдер жекелеген тауар нарықтарында туындайтын ұсыныс факторлары мен экономиканың дамуының базалық сценарийінің сыртқы өлшемдердің ауытқуынан болуы мүмкін.

Ортамерзімді кезеңде болжамды инфляцияның өсу қарқынының тежелу бағыты базалық ставканың төмендеу мүкіндігін арттырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу