Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды

1117

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені +/-1%-дық дәлізбен 10,25% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады.

Жылдық инфляцияның нақты және болжамды (бір жарым жыл көлеміндегі) деңгейі 2017 және 2018 жылдарға арналған нысаналы дәліз шеңберінде. Халықтың инфляциялық күтулері тұрақты деңгейде қалыптасуда.

Инфляция факторлары сыртқы сектор тарапынан қолайлы фактор ретінде бағаланады.

Ақша-кредит талаптары бейтарап деңгейде. Алайда ұсыныс факторлары тарапынан сақталып отырған инфляциялық тәуекелдер, сондай-ақ валюта нарығындағы құбылмалылықтың артуы базалық мөлшерлемені ағымдағы жылдың соңына дейін төмендету әлеуетін шектейді.

Жылдық көрсеткіш бойынша инфляция қыркүйекте 7,1% деңгейінде, айлық инфляция 0,3% деңгейінде қалыптасты. Инфляциялық аяның сақталуына ағымдағы жылы азық-түлікке жатпайтын тауарларға деген сұраныстың біртіндеп ұлғаюы нәтижесінде олардың қымбаттауы, сондай-ақ халыққа көрсетілетін қызметтер тарифтерінің өсуі ықпал етті. Бұл ретте инфляцияның артуы азық-түлік бағасының маусымдық төмендеуімен шектелді.

Жылдың басынан бері өсу қарқынының төмендеуін көрсеткен жылдық көрсеткіштегі базалық инфляция (құбылмалы және реттелетін құрауыштарды есептемегендегі) тамызда өзгеріссіз қалды.

Ағымдағы жылдың соңына дейін инфляциялық ая қалыпты болып қалады. Белгілі бір инфляциялық тәуекелдердің сақталуы астыққа қатысты белгісіздікке, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларының жеткіліксіз жүктемесіне, жанар-жағар май материалдары және азық-түліктің жекелеген түрлері нарығындағы ахуалға байланысты.

Бұған қарамастан, Ұлттық Банктің бағалауы 2017 жылға (6-8%), сол сияқты 2018 жылға (5-7%) арналған нысаналы дәліз шегінде инфляцияның сақталуын көрсетеді.

Базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешім 2017 жылғы 27 қарашада Астана уақыты бойынша 17:00 жарияланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу