Ұлттық Банк биржада 226 млн доллар сатып алды

Ақпанда валюталық интервенциялар жүргізілген жоқ.  

Ұлттық Банк биржада 226 млн доллар сатып алды Фото: Егемен Қазақстан

Бұл туралы Ұлттық банктің валюта нарығы бойынша ай сайынғы есебінде жазылған.

"БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін 30% деңгейінде ұстап тұру мақсатында Ұлттық Банк ақпанда биржалық сауда-саттықта шетел валютасын сатып алуды жүзеге асырды, оның жалпы сомасы 226 млн АҚШ долларына шықты немесе нарықтың жалпы көлемінен шамамен 9% болды", – деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар ақпанда Ұлттық Банк валюталық интервенциялар жүргізбеген.

"Наурызда Ұлттық қордан нақты сату көлемі Қаржы министрлігінің республикалық бюджетке трансферттерді бөлуге арналған өтініміне байланысты болады. Қаржы министрлігінің қажетті трансферттердің сомасы бойынша ағымдағы болжамды бағдарлары негізінде алдын ала Ұлттық Банк теңге түсімдеріне қарай 750-ден 850 млн АҚШ долларына дейін мөлшерде валюта сатуды жоспарлап отыр", – деп хабарлады бас банк.

БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін қолдау үшін наурызда 200-ден 240 млн АҚШ долларына дейін мөлшерде валюта сатып алынады деп күтіледі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу