Ұлттық банк биыл цифрлық теңге шығармақ

1436

Қазіргі таңда дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Ұлттық банк биыл цифрлық теңге шығармақ

Биыл Ұлттық банк пайда мен шығынды есептеп, цифрлық теңгені енгізу бойынша соңғы шешімді қабылдайды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның айтуынша, 2021 жылғы қарашада ұлттық төлем жүйесінің құрамдас бөліктері болып саналатын карточкалық транзакцияларды өңдеуге арналған төлем карточкаларының банкаралық жүйесі және мобильдік онлайн төлемдерге қызмет көрсетуге арналған жедел төлемдер жүйесі пилоттық режимде іске қосылған.

"Ұлттық төлем жүйесінің жұмыс істеуі үшін қажетті нормативтік-құқықтық база әзірленді. Биыл 1 шілдеге қарай оны толық іске қосуды жоспарлап отырмыз", – деді Ғалымжан Пірматов.

Өткен жылы Ұлттық Банк цифрлық теңгені енгізу үшін пилоттық жобаны іске қосқан.

"Бүгінде платформаның прототипін әзірлеу аяқталды. 2021 жылғы желтоқсанда пилоттық жобаның нәтижелері бойынша қорытынды баяндама жарияланды. Биыл пайда мен шығынды есептеп, цифрлық теңгені енгізу моделі бойынша қорытынды шешім шығарылады", – деді Ұлттық банк төрағасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу