Ұлттық банк Цеснабанкке 407 миллион доллар шамасында қарыз берді

963

 Банктің баспасөз-қызметі мен Ұлттық банк түсініктеме беруден бас тартты. 

Ұлттық банк  Цеснабанкке 407 миллион доллар шамасында қарыз берді

Қазақстан еліміздегі банктердің көлемі бойынша екінші орында тұрған Цеснабанкке алдында жасалған көмек банкті сауықтыруға жетпегендіктен,  407 млн доллар шамасында қарыз берді. Бұл туралы Интерфакс-Қазақстан Bloomberg-ке сілетеме жасап хабарлайды. 
Қазақстан Ұлттық банкі "Цеснабанк" АҚ-қа 150 млрд теңге (407 млн доллар) берді. Келісім жариялауға жатпайтындықтан, агенттікке хабарлаған  төрт дереккөз жасырын қалғысы келді. Бұл ретте олар келісімнің құрылымын нақтыламады. Банктің баспасөз-қызметі мен Ұлттық банк түсініктеме беруден бас тартты. 
2017 жылдың қазанында Цеснабанк қаржы секторын сауықтыру бағдарламасына қатысып, жеңілдетілген қаржыландыру алған. Алынған қаржы өтімділікке қатысты проблеманы шешуге және алдағы уақытта банктің табысы ретінде танылуға негізделген.
Ал 2018 жылдың 7 ақпанында Ұлттық банк банк секторының қаржылық орнықтылығын арттыру бағдарламасына қатысу үшін екінші деңгейлі банктерден өтініш алуды тоқтатқан.                  

Telegram
ПОДПИСЫВАЙТЕСЬ НА НАС В TELEGRAM Узнавайте о новостях первыми
Подписаться