Ұлттық Банк еркін өзгермелі айырбастау бағамы саясатын жалғастырады

1069

Ұлттық  Банк  еркін  өзгермелі  айырбастау  бағамы  саясатын жалғастырады

Ұлттық  Банк  валюталық  саясат  саласында  еркін  өзгермелі  айырбастау  бағамы саясатын  жүргізуді жалғастырады.  Бұл  жөнінде  бүгін  ҚРҰБ  төрағасы  Данияр  Ақышев  ҚР үкіметінің отырысында сөз сөйлегенде хабарлады. 
"Теңгенің  серпіні  іргелі  факторлар  –  төлем  балансының  жай-күйі,  мұнайдың әлемдік  бағасы  және сауда  әріптес  елдердегі  валюталардың  бағамдары  негізінде айқындалады,  бұл  теңгерімсіздікті болдырмауға  және  экономиканың  бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – деп атап өтті Ақышев.
Ол  "2017  жылдың  бірінші  жартыжылдығындағы  төлем  балансы  көрсеткіштерінің айтарлықтай жақсаруы қазақстандық  экспорттың  позицияларына  әлемдік  бағалар тұрақты  болған  кезде бағамдық саясат  үшін  одан әрі  тәуекелдерді төмендететінін" атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу