Ұлттық банк халықтың наурыз айындағы инфляциялық болжамдарын жариялады

593

Көрсеткіш 0,2%-ға өскен.   

Ұлттық банк халықтың наурыз айындағы инфляциялық болжамдарын жариялады Фото: inbusiness.kz

Наурыз айында жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша, халықтың инфляциялық күтулері 0,2%-ға өсті, деп хабарлады inbusiness.kz Ұлттық банктың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Бір жыл бұрын бұл көрсетеіш 6,9% болатын. Алдағы 12 ай ішінде бағаның қазіргі өсу қарқынының сақталуын немесе оның әлдеқайда өсуін күтетін респонденттердің үлесі 44%-ға дейін артты (ақпанда – 42%). Инфляцияны бағалауда бағаның өте жоғары болатынын атап өткен респонденттердің үлесі 46%-ға дейін төмендеді (ақпанда 53%). Әдеттегідей, сауалнамаға қатысқандардың басым көпшілігі (88%) азық-түлік бағасының өсетінін айтады", - деп жазылған хабарламада. 

Сонымен қатар азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы өседі деп есептейтін респонденттердің үлесі артқан. Олар 2021 жылдың ақпан айындағы 3,3%-дан наурызда 4,5%-ға дейін және қызметтерге – 2,5%-дан 3,4%-ға дейін жоғарылайды деген пікір айтқан. 

"Қазіргі қаржылық жағдайды бағалау – теріс аймақта сақталып отыр. Наурызда пессимистік жауаптардың үлесі ақпандағы 35,5%-дан 36,2%-ға дейін өсті. Болашақ қаржылық жағдайға қатысты оң күтулер басым, наурыз айында олар 38%-ға дейін өсті (ақпанда - 37%)", - деп жазылған реттеушінің хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу