Ұлттық банк қайта қаржыландыру бағдарламасын кеңейтеді

924

Ұлттық банк қайта қаржыландыру бағдарламасын кеңейтеді

Елімізде шетел валютасымен ипотекалық несие алған 25 мың борышкердің мәселесі оң шешімін таппақ. Ұлттық банк қолданыстағы ипотекалық тұрғынүй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасын кеңейтуді қолға алды, деп хабарлайды almaty.tv.

Қайта қаржыландыру бағдарламасына енгізілетін өзгеріс 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін шетел валютасында қарыз алғандардың мәселесін түпкілікті шешуге мүмкіндік береді. Құжат осы айдың аяғында қабылданады деп күтілуде. Қазіргі таңда қайта қаржыландыруға 220 миллиард теңгені құрайтын 30 мың өтінім қабылданған. Оның 23 мыңнан астамы мақұлданыпты. 

"25 мыңға жуық проблемалық несиелерді қайта қаржыландыру үшін 130 миллиард теңге бөлінген. Қазіргі таңда соның 24 миллиард теңге игерілмей қалған еді. Ол қаржыны біз қосымша банктерге қайта бөлеміз. Осы арқылы қайта қаржыландыру қарқыны ұлғаяды. Оған қоса, бұл ақша бағдарламадағы мақұлданған және қайта қаржыландырылғандардың арасындағы айырмашылықты қамтуға септеседі. Жазға дейін бардарлама аясында мақұлданған өтінім қайта қаржыландырылады", - деді ҚР ҰБ қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасының басшысы Александр Терентьев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу