Ұлттық банк қаржы құралдарының теңгедегі кірістілігін жариялады

1242

Өткен жылы алтынға сұраныс азайып, акциялар мен жылжымайтын мүлікке сұраныс артқан.

Ұлттық банк қаржы құралдарының теңгедегі кірістілігін жариялады

Ұлттық банк 2021 жылғы қаржы құралдарының ұлттық валютадағы кірістілігіне талдау жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Банк халық арасында ең танымал валюталардың (теңгемен, доллар және еуромен, рубльмен) банктік депозиттер, алтын, қолма-қол валюталар (АҚШ доллары, еуро, Ресей рублі және теңге) және баламалы түрде қазақстандық компаниялардың акциялары түріндегі инвестициялауға арналған қаржы құралдарының 2021 жылғы номиналды кірістілігіне талдау жүргізген.

Талдау шеңберінде салымшылардың жыл соңындағы бағам/бағам белгілеу бойынша теңгеге конвертациялаумен өткен жылдың басында және жыл басындағы ағымдағы бағам/бағам белгілеу бойынша Қазақстандағы әртүрлі құралдарға 10 000 теңге сомасында қаражат салуы туралы болжам жасалған.

Салыстыру үшін ай сайынғы капиталдандыру арқылы тарту мерзімі 12 айлық депозиттер қаралды. Теңгелік депозиттер бойынша ең жоғары кірістілік 2021 жылғы қаңтарда 14% дейін (мерзімі 1 жылдық жинақ депозиттері бойынша) жеткен, ал шетел валютасындағы депозиттер бойынша 1% болды.

"Қазақстандық компаниялардың акцияларына қаражат салу тауар-шикізат нарықтарының (мұнай және уран) өсуі және рейтингтердің жоғарылауымен қатар компаниялар пайдасының өсуі аясында 2021 жылы 37,4% деңгейінде барынша жоғары кірістілік әкелді", - деп жазылған хабарламада.

Теңгедегі жинақ депозитінің жоғары сыйақы мөлшерлемесі 14,00% деңгейінде тартымды кіріс әкелген.

"Ең жоғары кірісті және теңгенің долларға қатысты айырбастау бағамының өзгеруін ескере отырып, ақшаны долларлық салымдарға орналастыру 3,63% кірістілік әкелді. Бұл теңгедегі жинақ депозитінің кірістілігінен 3,9 есе аз. Инвесторлардың АҚШ Федералды қор жүйесі (ФРЖ) ақша-кредит саясатын мейлінше ертерек күшейтуінен доллардың жаһандық нығаюы және импорт пен тұтыну белсенділігінің қалпына келуіне байланысты валютаға ішкі сұраныстың өсуі аясында теңге долларға қатысты 2021 жылы 420,71-ден 431,67-ге дейін әлсіреді", - деп жазылған хабарламада.

Рубльдегі салымдар 3,15% кірістілік көрсетті. Бұл теңгедегі жинақ депозитінің кірістілігінен 4,4 есе аз. 

Ресейден тауарлар импортының өсуі аясында теңге рубльге қатысты 2021 жылы 5,65-тен 5,77-ге дейін әлсіреді.

"Алтынға салым (-)1,67% мөлшерінде теріс кірістілік әкелді. Өйткені вакциналардың әзірленуіне және жаппай вакцинациялаудың іске асырылуына байланысты жаһандық өсу перспективаларының белгісіздік деңгейінің төмендеуі аясында бағалы металдың құны 2021 жылы бір грамм үшін 25 396,01 теңгеден 24 970,91 теңгеге дейін төмендеді. Алтын инфляциядан хеджирлеу ретінде инвестициялық тартымдылықты қайтара алмады, керісінше акциялар мен жылжымайтын мүлікке сұраныс өсті", - деп жазылған хабарламада.

Екінші деңгейдегі банктерде ең жоғары мөлшерлемені және бағамдық өзгерісті ескере отырып, салымдарды еуродағы депозитте сақтау теңгенің еуроға қатысты 516,13-тен 487,79-ға дейін нығаюына байланысты (-)4,55%, қолма-қол еурода (-)5,49% деңгейінде теріс кірістілік әкелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу