Ұлттық банк Қазақстанның банк секторы активтерінің сапасын бағалауды аяқтады

907

Банктер активтерінің жалпы көлемінің 87%-ы және несие портфелінің 90%-ы тиесілі ірі 14 банктің активтерінің сапасы бағаланды.

Ұлттық банк Қазақстанның банк секторы активтерінің сапасын бағалауды аяқтады

ҚР Президентінің 2019 жылғы 30 қаңтарда берген тапсырмасына сәйкес Ұлттық банк биылғы жылғы 8 айда банк секторы активтерінің сапасын бағалауды ұйымдастырып, өткізді.

Банктер активтерінің жалпы көлемінің 87%-ы және несие портфелінің 90%-ы тиесілі ірі 14 банктің активтерінің сапасы бағаланды.

"Бағалаудың ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін ҚРҰБ АСБ-ны халықаралық консультантпен және тәуелсіз аудиторлық компаниялармен бірлесіп өткізді. Қазақстанның банк секторының жай-күйі Еуропа Орталық Банкінің (бұдан әрі – ЕОБ) әдіснамасына сәйкес зерделенді, ол бірыңғай халықаралық сапа стандарттарының сақталуына кепілдік береді және бағдарламаның нәтижелеріне халықаралық қоғамдастық тарапынан сенімді қамтамасыз етеді",– деп хабарлады Ұлттық банк.

Бас банк таратқан ақпаратта айтылғандай, АСБ қорытындысы бойынша есеп дайындалған. Ол қолданылған тәсілдің жалпы сипатын, активтер сапасын жүйелік деңгейде бағалау нәтижелерін және алдағы ісқимылдардың тізбесін қамтиды.

"Активтер сапасын 2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша шоғырландырылған деңгейде бағалау нәтижелеріне сәйкес (барлық қатысушы банктер нәтижелерінің агрегациясы) капитал тапшылығы байқалмайды; k1 және k2 нормативтері АСБ бағдарламасының нәтижелері ескеріле отырып жүйелік деңгейде артығымен орындалуда",– делінген хабарламада.

Қазіргі кезде активтер сапасын бағалаудың бірінші кезеңі аяқталды.

"2019 жылғы қызмет нәтижелерін, қаржылық және реттеушілік есептілікті қалыптастыру ескеріле отырып, банктер реттеуші берген ұсынымдарды негізге ала отырып, жан-жақты шаралар жоспарларын әзірлейді. Банктердің әрқайсысы бойынша жоспарлар Реттеушінің мақұлдауына жіберіледі. Көрсетілген процесс 2020 жылғы 15 ақпанға дейін аяқталады",– делінген Ұлттық банктің хабарламасында.

Ал АСБ-ның екінші кезеңінде банктермен жүргізілген жұмыстың қорытынды нәтижелерін Ұлттық банк 2020 жылғы 28 ақпанда бағдарламаға қатысушы банктер бойынша бермек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу