Ұлттық банк: Қазан айында 3 мыңнан астам алтын құйма сатылды

638

Құймаларды сатып алу жағынан Алматы қаласы көш бастап тұр.

Ұлттық банк: Қазан айында 3 мыңнан астам алтын құйма сатылды

2020 жылдың қазан айында ел тұрғындары екінші деңгейлі банктерден және банктік емес айырбастау пунктерінен жалпы салмағы 127,6 келі, 3 066 өлшеуіш құйма сатып алды. 2017 жылдан бастап жалпы салмағы 1,37 тонна болатын 37 754 алтын құйма сатылды, деп хабарлады бас банктің баспасөз қызметі.

Алтын құймалардың бес түрі бар: 5, 10, 20, 50 және 100 г. Ең көп сатылғаны –  10 г құйма. Сатылған барлық құйманың ішіндегі оның үлесі 25%, яғни 9 505 дана. Одан кейін 100 грамдық құйма – 8 524 дана (23%), 20 грамдық – 8 514 дана (22%), 5 грамдық – 6 667 дана (18%) және 50 грамдық құйма – 4 544 дана (12%).

Құймаларды сатып алу жағынан Алматы қаласы көш бастап тұр (сатылған құймалардың жалпы санынан 53%), одан кейін Атырау (13%), Нұр-Сұлтан (11%) және басқа өңірлер (23%) болды.

Кері сатып алуға жалпы массасы 3,2 кг 128 өлшеуіш құйма қабылданды. Алтын құймалар – инвестициялаудың сенімді құралы бола алады. Банктердің және банктік емес айырбастау пунктерінің клиентке "сол күні" ақша төлей отырып, құймаларды кері сатып алу мүмкіндігі – алтын құймалар нарығының өтімділігін қамтамасыз етудің негізгі факторы.

Фото: ҚР Ұлттық банкі

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу