Ұлттық банк қазан айында 91 млн долларға валюталық интервенция жасады

609

Қазан айында мұнай бағасы 2020 жылдың сәуірінен бері ең төменгі көрсеткішке жетті. 

Ұлттық банк қазан айында 91 млн долларға валюталық интервенция жасады

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова қазандағы валюта нарығында орын алған өзгерістер туралы ойымен бөлісті. 

Бірқатар елде COVID-19-бен ауырғандардың көбеюі, Еуропада жаңа карантиндік шаралардың енгізілуі, АҚШ-тағы президент сайлауы қазан айында әлемдік қаржы нарығына әсер еткен. Сол себепті Ұлттық банк теңге бағамының тұрақсыздығын және күрт құбылуын болдырмас үшін интервенция жасаған.  

"Сыртқы нарықтардағы жағдай сияқты, өткен айда теңге серпіні әртүрлі бағытта болды және орташа құбылмалылықпен сипатталды. Алайда қазанның соңғы күндерінде энергия тасығыштарға бағаның күрт төмендеуі аясында теңгеге айтарлықтай қысым болды. Айдың соңғы аптасында мұнайдың бір баррелі құнының төмендеуі қарқынды және 2020 жылғы сәуірден бастап барынша нашар болды, баға белгілеулер 10,3%-ға төмендеді. Осы кезеңде валюта нарығында валюта ұсынысының күрт төмендеуі және өтімділіктің төмендігі байқалды, осыған байланысты Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізді, оның көлемі 91,3 млн долларды құрады, Ұлттық банктің қатысуы жалпы нарықтық серпінге кедергі келтірмеді", – деді Әлия Молдабекова. 

Сонымен қатар ол қаржы саласында жағымды жаңалықтар бар екенін атап өтті. Оның бірі – бағалы қағаздар нарығы. 

"Валюта нарығы үшін қолайлы факторлардың ішінде мемлекеттік бағалы қағаздар нарығына бейрезиденттердің келуі екенін атап өту қажет. Қазанда оның көлемі 71,8 млрд теңгені немесе шамамен 167 млн долларды құрады", – деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу