Ұлттық банк кез келген уақытта ақша аударуға мүмкіндік беретін жүйені іске қосты

1969

л үшін ақша жөнелтушінің мобильдік қосымшада немесе өзінің жүйеге қатысушы банкінің Интернет банкинг жүйесінде ақша алушының мобильдік телефонының нөмірін, аударылатын ақша сомасын және ақша алушының банкін енгізуі қажет.

Ұлттық банк кез келген уақытта ақша аударуға мүмкіндік беретін жүйені іске қосты

Қазақстан Ұлттық банкі мобильдік телефон нөмірімен мезеттік төлемдер жүргізу жүйесін пилоттық режимде іске қосты, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Сервис мобильдік телефон нөмірімен түрлі банктердің клиенттері арасында және 24/7 режимінде тәуліктің кез келген уақытында ұлттық валютамен ақша аударуға мүмкіндік береді. Ол үшін ақша жөнелтушінің мобильдік қосымшада немесе өзінің жүйеге қатысушы банкінің Интернет банкинг жүйесінде ақша алушының мобильдік телефонының нөмірін, аударылатын ақша сомасын және ақша алушының банкін енгізуі қажет. Алушыға оның жүйеге қатысушы банктегі шотына ақша лезде есептеледі.

Жүйеде банктік шотты, төлем карточкасын және электрондық ақшаны пайдалану сияқты ақы төлеудің және банктер клиенттерінің тарапынан аударымды алуының түрлі құралдары бар. Бір транзакцияның ең жоғары лимиті 500 мың теңгені құрайды. Қатысушы банктер үшін Жүйеде транзакцияларға қызмет көрсету тарифі транзакция сомасына қарамастан бір төлем (аударым) үшін 1 теңгеден аз болады.

Тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану шеңберінде жүйенің алғашқы қатысушылары "Банк ЦентрКредит" АҚ және "Altyn Bank" АҚ (China CITIC Bank Corporation Limited ЕБ) болып табылады. Басқа да бірқатар банктер жүйеге қосылу сатысында. Жаңа қызмет мобильдік қосымшаларда және қатысушы банктердің қашықтан қызмет көрсету жүйелерінде олардың ішкі жоспарына сәйкес барлық ішкі бизнес-процестерінің реттелуіне қарай пайда болады.

Жүйеде көрсетілетін қызметтерді кезең-кезеңімен дамыту жоспарланып отыр. Бірінші кезеңде жеке тұлғалар арасындағы аударымдар (P2P-аударымдар), келесі кезеңдерде заңды тұлғалардың пайдасына, оның ішінде QR-кодтарды пайдалана отырып жүргізілетін төлемдер, сұрату бойынша төлемдер және басқа да төлем түрлері қолжетімді болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу