Ұлттық банк кезекті коллекциялық монеталарын айналымға шығарды

1215

Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.

 Ұлттық банк кезекті коллекциялық монеталарын айналымға шығарды

Ұлттық банктің баспасөз қызметі көбелекке және құрақ көрпеге арналған коллекциялық монеталардың айналымға шығарылғанын хабарлады.

Номиналы 500 теңгелік күміс "Дала қазынасы" монеталар сериясынан "Quraq kórpe" коллекциялық монеталары және номиналы 200 және 100 теңгелік мельхиор қоспасынан "Қазақстанның флорасы мен фаунасы" монеталар сериясынан "Kόbelek. Lasiommata maera" коллекциялық монеталары айналымға шықты.

Номиналы 500 теңгелік монеталар 925/1000 сынамалы күмістен дайындалған, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – "proof", таралымы – 1 500 дана.

Номиналы 200 теңгелік монета мельхиор қоспасынан, "рrооf-like" сапасымен дайындалған, массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, таралымы – 5 мың дана;

Номиналы 100 теңгелік монета мельхиор қоспасынан, "brilliant uncirculated" сапасымен дайындалған, массасы – 11,17 грамм, диаметрі – 31 мм, таралымы – 20 мың дана.

Бұл коллекциялық монеталар Қазақстан аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу