Ұлттық банк қолма-қол доллар тапшылығын болдырмау үшін не істеді

944

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова ұлттық банк қолма-қол доллар тапшылығын болдырмау үшін қандай шаралар қабылдағаны, шетел валютасын қандай көлемде және қандай кезеңде сатып жатқаны туралы айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Ұлттық банк қолма-қол доллар тапшылығын болдырмау үшін не істеді

Наурызда банктер доллар сатып алу және оның логистикасы кезінде проблемаларға тап болған. Халық валютаны көптеп сатып алды және шоттардан алып қойды. Қолма-қол валютаның дағдарысы тек Қазақстанға ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңіріне де әсер етті.

Жалпы былайғы уақытта екінші деңгейлі банктер валютаны Еуропадан, Азиядан, ТМД елдерінен өз бетінше сатып алып, әкеліп отырады. Алайда тұрақсыз жағдай туындағандықтан ұлттық банкке жедел шаралар қабылдау керек болды.

"Біріншіден, біз банктерге өз қорымыздан банкноттарды күнделікті сатып отырдық. Тек наурызда ғана ЕДБ-ға шамамен 500 млн АҚШ доллар мен 80 млн-ға жуық еуро сатылды. Оларды кейін банктер өз бөлімшелері арқылы сатты. Екіншіден, Ұлттық Банк сатылыммен қатар шетелдік жетекші контрагенттермен және логистикалық компаниялармен қолма-қол ақшаны жеткізудің қосымша арналарын жолға қойды. Үшіншіден, біз жеткізу мәселесін дербес шешуге мүмкіндігі жоқ банктерге кейіннен сату үшін банкноттарды сатып алу мен әкелуді дербес жүзеге асырдық. Наурызда жиынтығында 17 банк банкноттарды алуға бізге жүгінді", – дейді Молдабекова. 

Оның айтуына қарағанда, қазір қолма-қол долларға деген сұраныс қанағаттандырылып, төмендеп келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу