Ұлттық банк "Kompetenz" қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы өтінішпен сотқа жүгінеді

775

Аталған сақтандыру ұйымы сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензиядан айырылды.

Ұлттық банк "Kompetenz" қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы өтінішпен сотқа жүгінеді

"Kompetenz" сақтандыру компаниясы" АҚ сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензиядан айырылды, деп хабарлайды бас банктің баспасөз қызметі.

"Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша, "жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығы берілген 2018 жылғы 12 қыркүйектегі № 2.1.24 лицензиясының қолданылуының бірнеше рет (соңғы он екі ай ішінде екі рет) тоқтатылғаны үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 10 қаулысымен "Kompetenz" сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Сақтандыру ұйымы) 2019 жылғы 1 ақпаннан бастап лицензиядан айырылды", – делінген хабарламада.

Ұлттық банк төрағасының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 63 бұйрығымен уақытша әкімшілік тағайындалып, оған сақтандыру ұйымының барлық басқару органдарының өкілеттіктері өтті. Енді сақтандыру ұйымының уақытша әкімшілігі өз қызметін сақтандыру ұйымының тарату комиссиясы тағайындалғанға дейінгі кезеңде жүзеге асыратын болады.

Сақтандыру ұйымы 2019 жылғы 1 ақпаннан бастап қаржылық қызметін, оның ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шығыстарға байланысты жағдайларды қоспағанда, қолданыстағы шоттар бойынша операцияларды жүзеге асыруды тоқтатады.

Бас банк заңнамада белгіленген тәртіппен сақтандыру ұйымының қызметін мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы өтінішпен сотқа жүгінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу