Ұлттық банк "Қозы Көрпеш – Баян Сұлу" монетасын айналымға шығарады

230

Монета 2 қыркүйектен бастап сатылымға шығады.  

Ұлттық банк "Қозы Көрпеш – Баян Сұлу" монетасын айналымға шығарады Фото: nationalbank.kz

Ұлттық банк "Мифтер, аңыздар, әзіл әлемі" сериясы аясында "Қозы Көрпеш – Баян Сұлу" коллекциялық монетасын айналымға шығарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Коллекциялық монетаның дизайны қазақтың "Қозы Көрпеш – Баян Сұлу" дастанының желісі бойынша әзірленген. Аталған шығарма қазақ фольклорындағы мәңгілік махаббат пен адалдықты дәріптейтін құнды мұралардың бірі саналады.

Монета мельхиор қоспасынан (МН 25) жасалған. Оны дайындау кезінде тампонды баспа технологиясы қолданылған.

Монетаның негізгі сипаттамалары:

  • номиналы – 200 теңге;
  • массасы – 15 грамм;
  • диаметрі – 33 мм;
  • сапасы – "brilliant uncirculated";
  • таралымы – 7 мың дана.

Коллекциялық монетаны Ұлттық банктің интернет-дүкенінен сатып алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу