Ұлттық банк криптоактивтерге қанша қаражат бағыттауы мүмкін?

86

Әзірге нақты сома мөлшері туралы айту ерте. 

Ұлттық банк криптоактивтерге қанша қаражат бағыттауы мүмкін? Фото: Ұлттық банк

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов Ұлттық қор мен алтын-валюта резервтерінің бір бөлігін криптоактивтерге бағыттау жоспарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бұл – бағалы қағаздар нарығында орналастырылатын біздің активтерге, бағалы қағаздарға ұқсас криптоактивтер. Егер олардың болашағы бар, жоғары табыс әкелетінін көрсек, осы бағыт аясында бұл қаражатты инвестициялау мүмкіндігін қарастырамыз", – деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Сенат кулуарында.

Берік Шолпанқұлов нақты сома мөлшері туралы айту қиын екенін айтты.

"Алдын ала болжам бойынша бұл шамамен 300 миллион доллар болады", – деп түсіндірді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу