Ұлттық банк: Маусым айында 2 100-ден астам алтын құйма сатылды

500

2022 жылдың маусым айында екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес айырбастау пунктері жалпы салмағы 65,6 келі 2 194 алтын құйманы сатты, деп хабарлады Ұлттық банк.

Ұлттық банк: Маусым айында 2 100-ден астам алтын құйма сатылды

Халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын бас банк 2017 жылы іске қосқан болатын. Бағдарлама қолға алынғалы жалпы салмағы 3,26 тоннаға жуық 96 739 алтын құйма сатылған.

Алтын құймалар бес түрлі салмақта ұсынылады: 5, 10, 20, 50 және 100 г. Сатып алушылар арасында өте жоғары сұранысқа ие түрі – 10 грамдық алтын құйма. Жалпы сатылған құймалар арасында оның үлесі – 26%, яғни, 25 000 дана. Одан кейін 20 грамдық  құйма сұранысқа ие, 21 048 дана (22%) сатылған. 5 грамдық құймадан 19 932 дана (21%), 100 грамдық құймадан 19 017 дана (19%), 50 грамдық құймадан 11 742 дана (12%) сатылды.

Алтын құймалар Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларында көп сатылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу