Ұлттық банк Нұр-Сұлтанға көшіп келді

2345

Еліміздің бас банкі Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 57А мекенжайында орналасты.

Ұлттық банк Нұр-Сұлтанға көшіп келді

"Қазақстан Ұлттық Банкін Нұр-Сұлтан қаласына көшіру туралы 2020 жылғы 29 маусым Нұр-Сұлтан қаласы ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2020 жылғы 10 сәуірдегі №304 Жарлығына сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкін көшіру 1 шілдеге дейін жүзеге асырылды",– деп хабарлады қаржы реттеушісінің баспасөз қызметі.

Ұлттық банк Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 57А мекенжайына қоныс тепті.

Ал Алматы қаласындағы Әйтеке би, 67 мекенжайында Ұлттық банктің тұрақты өкілдігі ашылды. Оның басшысы болып Ұлттық банк төрағасының орынбасары Д. Ғалиева тағайындалды.

Өкілдік ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен, Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығымен, қаржы нарығының субъектілерімен және халықаралық қаржы институттарымен өзара іс-әрекетті жалғастыратын болады

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу