Ұлттық банктың қысқа мерзімді бағалы қағаздарын ұялы телефоны арқылы сатып алуға болады. Жаңа мобильді жүйенің атауы әзірге нақты емес. Дегенмен, жоба жыл соңына дейін пилоттық режимде іске қосылады, - дейді бас банктің төраға орынбасары Ғалымжан Пірматов.
Ұлттық банктің қарапайым облигацияларының сауда алаңындағы құны 100 теңге. Мобильді қосымшаны жүктеген кез-келген тұтынушы қашықтықтан тіркеуге түру арқылы бағалы қағаздарды сатып алу және сату операцияларын жүргізе алады. Жоба тәжірибелік жүйеде іске қосылатындықтан алдағы уақытта оның тиімділігі мен артық-кеміне қарай өзгерістерге де ұшырамақ.
Ерлан Ашықбеков, ҚР Ұлттық банкі төлем жүйелері департаментінің директоры: "Ешқандай да арада бір делдалдар жоқ. Брокерлер, диллерлер қатыспайды. Яғни Ұлттық банк тікелей инвестормен қарым-қатынаста болады. Әрбір күні сізге проценттік сыйақы жүріп отырады. Сіз оны кез-келген уақытта сатып ақшаға айналдыра аласыз."
Тағы бір айтары, биыл Ұлттық банк электронды ақшаны айналымға енгізбекші. Жаңа жобалар қызметі электронды валюта арқылы жүргізілетіндіктен, кез-келген адам ол ақшаларды сатып ала отырып арнайы қызметтерді жүзеге асыра алады, - дейді мамандар.
Ғалымжан Пірматов, ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары:
"Банктерге бұл тиімді ме тиімсіз бе деген сұраққа қысқа жауап айта салу бұл арада мүмкін емес. Себебі бұл өте күрделі үдеріс. Қандай сала, қандай жағдай, банктің басты ммақсаты қандай соған байланысты. Егер банк халыққа сатса комиссия арқылы кіріс көруі мүмкін."