Ұлттық банк өкілдері валютаны бақылау туралы заңның нормаларын түсіндірді

921

Ұлттық банк өкілдері валютаны бақылау туралы заңның нормаларын түсіндірді

Алматыда Ұлттық банк өкілдері "Валюталық реттеу және валюталық бақылау" туралы заңның өзгерістері мен жаңа нормалары туралы түсіндірді, деп хабарлайды 24.kz.

Заң жобасын қабылдау капиталдың транс-шекаралық қозғалысының статистикалық мониторингін жақсартуға мүмкіндік береді.

Валюталық реттеу – режимдерінің негізгі рәсімдерін оңтайландыруға жол ашады. Сонымен қатар кәсіпкерлік қызмет пен азаматтардың операцияларында, макроэкономикалық деңгейде іске асырылатын қолма-қол ақшасыз және қолма-қол конверсиялық процестердің тәуекелділігін азайтуды көздейді. Қысқасы, валюталық реттеу және валюталық бақылау саласындағы туындайтын құқықтық қатынастарды реттейтін болады.

"Біз елден капиталды шығару ықтималдылығы жоғары бірнеше келісімшартты байқадық. Ол қандай келісім-шарттар? Мысалы резидентке қарыз беріледі. Бірақ ол қаражат Қазақстанға ешқашан келмейді. Қазақстанда ол ақшаны ешкім көрген емес. Соған қарамастан үлкен көлемде қарызды өтеу басталады. Осындай келісімшарттар күмәнді", - деді ҚР ҰБ төлем балансы және валюталық реттеу департаментінің директоры Айгүл Боранбаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу