Ұлттық банк өндірушілерден 214 тонна алтын сатып алды

1399

Жергілікті тауар өндірушілерден сатып алынған 2012 жылдан бергі алтын көлемінің жалпы сомасы 2,3 трлн теңгеге жетті.

Ұлттық банк өндірушілерден 214 тонна алтын сатып алды

Тамыздың соңында Ұлттық банктің алтынвалюта резервтері 30,8 млрд АҚШ долларын құрады. Жыл басынан бастап көлемі шамалы ғана өзгерді. Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтері 56,5 млрд АҚШ долларын құрады. Елдің жалпы халықаралық резервтері 87,3 млрд АҚШ долларын немесе ІЖӨ-нің 57%-ға жуығын құрады. Ол туралы Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев бүгін Алматы қаласында өткен дәстүрлі баспасөз конференциясы барысында журналистерге айтты, деп хабарлайды бас банктің баспасөз қызметі.

"Ұлттық банктің алтынвалюта резервтерінің құрылымының басым бөлігін немесе 42% алтынмен активтер құрайды. Қазір Қазақстан Ұлттық банкінің алтын портфелі 335 тоннаны құрайды", - деді Данияр Ақышев.

Оның айтуынша, Қазақстан Ұлттық банкі жылдың басынан бері жергілікті өндірушілерден 35 аффинирленген алтын сатып алды. Заңнамаға сәйкес қаржы реттеушісі жергілікті тауар өндірушілерден аффинирленген алтынды басымды сатып алу құқығына ие, бұл әлемдік баға белгілеу бойынша ғана жүзеге асырылады.

"Сатып алудың басымды құқығы туындаған 2012 жылдан бері Қазақстан Ұлттық банкі жергілікті тауар өндірушілердің 2,3 трлн теңге сомаға 214 тонна алтын сатып алды, бұл шынайы экономиканың маңызды сегментін қаржыландыруды қамтамасыз етеді. 2017 жылғы мамырында Ұлттық Банк халыққа арналған аффинирленген алтынның өлшеуіш құймаларын сату және сатып алу бойынша бағдарламаны іске қосты. Бағдарлама шеңберінде салмағы 10, 20, 50 және 100 г өлшеуіш құймалары сатылады. Қазіргі таңда банктер 175 килограмнан астам алтын сатқан. Бір жылда іс жүзінде бар алтынды саттық және оның көлемін ұлғайту мүмкіндіктерін қарастырып жатырмыз", - деп атап өтті Данияр Ақышев.

Мұның үстіне, Қазақстан Ұлттық банкі басшысының айтуынша, қазіргі уақытта кәсіпорындар мен халық Қазақстанның Ұлттық банкінде салмағы 12-13 килограмм аффинирленген алтынның стандартты құймаларын сатып алу мүмкіндігіне ие, олар қаржы реттеушісінің қоймасында сақталады.

"Осы тәртіп Қазақстан Ұлттық банкінің нормативтік актілерінде бекітілген. Құйма құнын баға белгілеуді негізге ала отырып, Ұлттық Банктің сайтында есептеуге болады", –  деді қорытындысында Данияр Ақышев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу