Ұлттық банк пен KASE бірлескен мәлімдеме жасады

3843

Ұлттық банк пен "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) бірлесіп теңге – доллар валюта жұбы бойынша сауда-саттық регламентін өзгерту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ұлттық банк пен KASE бірлескен мәлімдеме жасады

"Теңге – доллар валюта жұбы бойынша сауда-саттық биыл 9 наурызда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15:00-де ашылады және Франкфурт аукционы форматында жүргізіледі", – деп жазылған Ұлттық банктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бұл шешім жоғары құбылмалылық аясында валюта нарығының тұрақсыздануына және сыртқы факторлар тарапынан қысым жасауға жол бермеу мақсатында қабылданған.

"Теңге – доллар валюта жұбы бойынша сауда-саттықтың бұдан былайғы режимі туралы ақпарат ресми байланыс жасау арналары арқылы уақытылы жеткізіледі", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу